Тіліңізді таңдаңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балаларды неше жастан қабылдайсыздар?

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз.

Төлем құны

Ай сайын 27 000 теңге. Қалай төлеуге болатыны — «Төлем» бетінде.

Тамақ бар ма?

Иә, күніне үш мезгіл тамақ.

Жұмыс уақыты қандай?

Дүйсенбі – жұма, 07:30 – 18:00. Сенбі, жексенбі — демалыс.

Жазда жұмыс істейсіздер ме?

Иә, балабақша жаз бойы жұмыс істейді.

Оқыту қай тілде жүргізіледі?

Қазақ және орыс тілдерінде — топтар оқыту тілі бойынша бөлінген.

Балабақшада неше топ бар?

6 топ.

Медицина қызметкері бар ма?

Иә, балабақшада медициналық кабинет пен медбике бар.

Бейнебақылау бар ма?

Иә, балабақшада бейнебақылау орнатылған.

Балаларды тасымалдау бар ма?

Жоқ, балаларды ата-аналар өздері әкеледі және алып кетеді.

Балабақшаның лицензиясы бар ма?

Иә. Лицензия мен қосымшасы — «Құжаттар» бетінде.

Балабақша қайда орналасқан?

Алматы облысы, Есік қ., Абай көшесі, 138. Карта — «Байланыс» бетінде.