Баланы кенеден қалай қорғауға болады?
Баланы кенеден қорғау әдістері
Балаңызға киімді дұрыс таңдаңыз: ұзын жеңді жабық киім, тығыз манжет, шалбардың балағы аяқ киімге салынып тұруы керек, бас киім
Балаңыздың денесінің ашық жерлеріне және киіміне кенеге қарсы репеллент қолданыңыз
Балаңызды шөпке отырғызбаңыз
Жаңа жиналған өсімдіктер мен үй жануарларының жүндерін тексеріңіз
Үйге оралғаннан кейін балаңыздың денесі мен шашында жәндіктердің бар-жоғын тексеріңіз. Киімін міндетті түрде жуыңыз
Балаңызға екпе жасатыңыз
Егер балаңыздың денесінен кене табылса
- Кенені пинцетпен ұстап, денесін өз осімен айналдырып, тартып алыңыз
- Тістеген жерді дезинфекциялаңыз
- Алынған кенені таза ыдысқа салып, зертханаға апарып беріңіз
- Өзіңіздің және балаңыздың қолын сабынмен мұқият жуыңыз
Инфекцияның алғашқы белгілері
- Қалтырау
- Бас ауруы
- Дененің қатты қызуы
- Жүрек айну
- Құсу
- Тістеген жердегі терінің қызаруы
- Мұрынның ағуы
- Бұлшықеттің ауруы
Кененің шағуы кене энцефалитін және Лайм-боррелиозын тудырады